Семсерлесуден отандасымыз қарсыласынан 15 рет басым түсті

761

Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан әйелдер арасында семсерлесуден іріктеу өтті. 

Семсерлесуден отандасымыз қарсыласынан 15 рет басым түсті Фото: Туризм және спорт министрлігі

Отандасымыз Елена Потапенко 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады. Бұл сайыста спортшымыз 15 рет қарсыласынан басым түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ертең қазақстандық спортшы жартылай финалда А тобында өнер көрсетеді. Олар 200 метрге еркін әдіспен жүзуде кім мықтыны анықтайды. Үшінші жарыс - конкур. Шешуші жарыста атлеттер жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздейді.

Айта кетейік, спорттың бұл түрінде барлығы 72 спортшы (36 еркек, 36 әйел) жүлдеге таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу