BI Group: "Нарықта неғұрлым қолжетімді баспаналар болады"

Дина Ермаганбетова Дина Ермаганбетова
23624

Орташа баға Астана және Алматыдағы эконом-класс сегментінде ғана төмендеуі мүмкін. Бұл құрылыс салушыларға  мемлекеттік көмектің және сұраныстың төмендеуіне әкеледі. 

BI Group: "Нарықта неғұрлым қолжетімді баспаналар болады"

BI Group Development басқармасы  төрағасының даму жөніндегі  орынбасары Тасболат Абдуллин abctv.kz  сайтына тұрғын үй бағасы қандай ауқымда болатыны және бизнесті қалай әртараптандыруға болатындығы туралы айтты.

-   2016 жылы BI Group тұрғын үй құрылысы секторында  қандай  қаржылық көрсеткіштерді көрсетуді жоспарлап отырсыздар ?

-   Егер түсім туралы айтатын болсақ, 2016 жылға development бойынша  жоспар -108 млрд. теңге және construction бойынша 160 млрд. теңге. Бұл былтырғы жылғы табыспен салыстырғанда 6 %-ға өскен.

-   Сіздердің жаңа жобаларыңыз, Otau Group туралы айтсаңыз, ол сіздерге не үшін қажет? Оның пайда болуымен  эконом-класс тұрғын үй құрылысы BI Group үшін болашақта негізгі бағыт болады ма?

- OTAU Group – жаңа құрылыстық лоукостер (ағылшын. low cost  сөзі– төменгі баға).  Бұл қалың бұқара топты  қолжетімді эконом-класс тұрғын үйлерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылған BI Group құрылымындағы компания.  OTAU қымбат емес тұрғын үйлерді салуға жұмыс істейді. Жас отбасыларына және барлық қазақстандықтарға қолжетімді сапалы пәтерлер ұсынады. OTAU Group-тың құрылуы BI Group жұмысына еш әсерін тигізбейді. Біз сапаға жұмыс істеуге ұмтыламыз, сол себепті толықтай инфрақұрылымы бар жекелеген бизнес-бірлік компанияның өздігінен дамуына мүмкіндік береді.  Ал BI Group-тан ноу-хау Otau Group үшін толықтай қолжетімді болады.  Бағалар қолжетімді тұрғын үй бағасымен , ал сапа  BI Group-тан болады. 

- BI Group компаниясы  Екатеринбург нарығына шықты, ал жақынджа БАҚ-та Қытай, Иран, Сауд Арабиясына шығу жоспары жайында айтылған болатын,.Бұл елдер сіздерді несімен қызықтырып отыр? Және ол жақта жылжымайтын мүлік нарығының қандай сегментін игермекшісіздер? 

-   Қытай, Иран, Сауд  Арабиясының нарығына шығу біздің ұзақмерзімді жоспарымызда бар. Бүгінгі күні Ресей нарығын игеруді жоспарлап отырмыз. Бұл нарықтар бізді көлемімен және халықтың сатып алу қабілетінің жоғарылығымен қызықтырады. Ал біз, өз кезегімізде, сапалы және қолжетімді баспананы ұсына аламыз.

-   Астанада сіздердің компанияларыңыз тұрғын үй  құрылысы бойынша көшбасшы. Қазір сіздер Алматыны белсенді игерудесіздер. Сіздің ойыңызша, ол жақта тұрғын үйдің қандай саралынымына сұраныс бар? Ол жақта қандай тұрғын үй салуды жоспарлап отырсыздар және ол қандай бағада болмақ? Нарықтың қандай үлесін алуды міндет етіп отырсыздар?

 -  Астанада сияқты Алматыда да сұраныс эконом-баспанасы сегментіне қайта бағдарланатын болады. Біз 1 ш.м 280 мың теңгеге дейінгі бағада баспана салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоғары сапалы және қолжетімді баспана болады. Нарық үлесі бойынша ең жақсы позицияларды алуды мақсат етіп отырмыз. Құрылыстың сапасының есебінен айналымды тез меңгеріп алатынымызға сенемін.

-  БАҚ-та BI Group "Қолжетімді баспана" бағдарламасына  қатысуға ықыласты екендігі туралы ақпарат тарады. Мемлекетпен ынтымақтастақ қандай жолмен жасалмақ?

-  Бүгінгі күні ынтымақтастық форматы талқылануда. Географиялық қамту бойынша тек Алматы мен Астанаға ғана қаражат салмаймыз, сонымен қатар басқа өңірлерді де қамтимыз, мысалға, Ақтау қаласы.

-  BI Group басшылығы құрылыс салу бизнесінде 10%-дан  жоғары емес маржамен жұмыс істеуге үйрену керектігін бірнеше рет айтқан болатын. Мұндай маржамен тек қана BI Group сияқты  ірі және әртараптанған компаниялар ғана жұмыс істей алатын шығар? BI Group холдингі өзінің табысын ненің ( қандай бағыт, жоба) есебінен арттырмақ?

-  Өте дұрыс. Біз компанияның ішкі қорын табуға бел буғанбыз. Біз маржаны тұтынушылар есебінен емес, ішкі қорды ұтымды қолдану есебінен іздеу керек екенін білеміз.

-  Қазіргі жағдайда BI Group үшін қоммерциялық құрылысты салу секторы қызықтырады ма? ЭКСПО көрме кешені ондағы босайтын аудандарымен Астанадағы бизнес-орталықтарға 2017-2018 жылдары үлкен бәсекелестік тудырады деген қорқыныш жоқ па?

- Коммерциялық жылжымайтын мүлік түсінігі өте ауқымды: бұл отелдер, сауда орталықтары және кеңселік болуы мүмкін. Егер кеңселер туралы айтатын болсақ, онда бұл сегментте бірқатар көбею сезіледі. Қонақүйлерде қала бойынша 45% орташа толығу бар, ал сауда үйлері электрондық сауда алаңдары тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестікке тап болуда. Бірақ коммерциялық мүлікке сұраныс бар.  Астананың территориясы мен халқының саны өсуде. Біздің қала тек әкімшілік емес , сонымен қатар саяси орталық, оның дәрежесі іскери және қаржылық орталық ретінде өсіп келеді, ал бұл осы сегментте сұраныстың артуына ықпал етеді.

-  Құрылыс салу нарығының төмендеуін есепке ала отырып және осыған байланысты мемлекет тарапынан құрылыс салушыларға  көрсетілетін мемлекеттік қолдау, алдағы жылдарда тұрғын үй бағасы қандай шамада болады ( ең бірінші, Астан мен Алматыда)? 

-  Нарықта неғұрлым қолжетімді тұрғын үйлердің пайда болатыны сөзсіз. Ол,әрине, нарық бойынша орташа бағаны түсіреді. Бірақ, бұл жоғары сегменттегі  тұрғын үймен бәсекелеспейтін тұрғын үйдің жеке түрі болады. Бизнес және премиум-класс тұрғын үйлері енді бағасын түсірмейді. Ал "эконом" және "комфорт" класс тұрғын үйлері қысқа мерзімді келешекте 1 ш.м үшін 250-320 мың теңге көлемінде болады.

Дина Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу