Биатлоннан Қазақстан ерлер командасында Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев өнер көрсетті.
Олар 4х7,5 шақырымдық эстафетада 1:25:18,7 уақыт көрсеткішімен 2-орынға ие болды.
Жапония құрамасы алтын медаль иеленсе, Қытай құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Командамыздың алтын медаль иеленуге мүмкіндігі жоғары болғанымен, жеңімпаздардан небәрі 58 секунд уақыт артта қалып қойды.
Осылайша, биатлоншыларымыз Харбиндегі қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу