Қазақстан дзюдо құрамасының өкілі Әбиба Әбужақынова БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орынға ие болды.
48 келі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін өткен белдесуде Әбиба Испания спортшысы Ева Перес Солерді жеңді.
Осылайша, Әбужақынова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, Әбиба жарыстың алғашқы күні боз кілемге шыққан алты дзюдошымыз арасынан финалдық кезеңге дейін жеткен жалғыз спортшы болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу