Бибісара Асаубаева әйелдер арасында екінші гроссмейстер атанды

621

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады. 

Бибісара Асаубаева әйелдер арасында екінші гроссмейстер атанды Фото: time.kz

БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде алғашқты отыздықтың тізіміне еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.

Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды, содан соң Бибісара қазақстандық әйелдер арасынан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Біріншісі – Жансая Әбдімалік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу