Бибісара Асаубаева әлемнің үздік гроссмейстерлерінің қатарында тұр

Ол 2494 ұпаймен 12-орынға жайғасқан.  

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік гроссмейстерлерінің қатарында тұр Фото: time.kz

Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған рейтингісінде қазақстандық тағы 2 спортшы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Танымал әрі талантты қазақстандық шахмат Бибісара Асаубаева – жер-жаһандағы үздік гроссмейстерлердің бірі. Ол бұрынғы орнынан екі сатыға көтеріліп отыр. Отандасымызбен бірдей ұпай жинаған ресейлік Полина Шувалова да рейтингіде қатар тұр. 

Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында туған. Ол – әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Сонымен қатар, шапшаң шахматшы блиц бойынша әлем чемпионы (2021) болды. Ал рапид түрінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021) атанды. 2021 жылы Азия чемпионы атағын тағы жеңіп алды. 

Рейтинг бойынша ТОП-100 шахматшы тізіміне қазақстандық тағы екі спортшы енген. Олар – Меруерт Камалетдинова (2345 ұпай, 97-орын) және Әмина Қайырбекова (2344 ұпай, 100-орын). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу