Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) 2026 жылғы қыркүйектегі жаңартылған рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа рейтингте Асаубаева 2536 ұпаймен бесінші орында тұр. Ол алдыңғы көрсеткішіне қарағанда екі рейтингтік ұпай жоғалтқанымен, әлемнің үздік бестігіндегі орнын сақтап қалды.
Әйелдер арасындағы FIDE рейтингінің үздік бестігі:
- Цзюй Вэньцзюнь (Қытай)
- Тань Чжунъи (Қытай)
- Лэй Тинцзе (Қытай)
- Чжу Цзиньэр (Қытай)
- Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2536 ұпай.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу