Бибісара Асаубаева командалық ойында қазіргі әлем чемпионын жеңді

394

Бұл матч белгілі бір дәрежеде Қытай құрамасы үшін тағдыршешті болды. 

Бибісара Асаубаева командалық ойында қазіргі әлем чемпионын жеңді Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстан құрамасы Будапештте (Венгрия) өтетін Шахмат олимпиадасына дайындалып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

5 тамызда Астанада Рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты аяқталды.Турнирде KazChess командасының намысын қорғаған біздің әйелдер құрамамыздың көшбасшысы Бибісара Асаубаева турлар барысында тамаша нәтиже көрсетті.

20 жастағы спортшы рапидтің 9-шы раундында Қытайдың Decade China Team командасының мүшесі, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңді. Бұл матч белгілі бір дәрежеде Қытай құрамасы үшін тағдыршешті болды, өйткені Цзюйдің жеңіліс табуы оның командасына арабтың Al-Ain ACMG UAE командасын жеңуге мүмкіндік бермеді, сөйтіп ол 12 турдан кейін рапид бойынша чемпион атанды.

"Мен қара фигуралармен ойнадым. Қытайдың командасы өте күшті, сондықтан жақсы ойын көрсеткім келді. Бұл алғаш рет тікелей ойнаған партиямыз болды, оған дейін біз тек онлайн кездестік. Мен жақсы партия ойнай алдым деп ойлаймын, бір кезде сапаны құрбан етіп бастама үшін ойнадым, бірақ ақырында айламды асырып, оны жеңе алдым", - деді Асаубаева матчтан кейін.

Сонымен қатар турнир барысында блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Украинадан келген гроссмейстер, рапидтен 2014 жылғы әлем чемпионы және блицтен екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016 жыл) Анна Музычукты екі рет (рапид және блицте) жеңді. Бірақ олардың блицтегі үшінші кездесуінде жеңіс украиналық қызға бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу