Бибісара Асаубаева Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан блиц бойынша әлем чемпионатының нокаут кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз ширек финалда қытайлық Лэй Тинцземен ойнайды. Нокаут кезеңінің алғашқы айналымында төмендегі шахматшылар кездеседі:
- Вайшали Рамешбабу – Чжу Цзиньэр;
- Лэй Тинцзе – Бибісара Асаубаева;
- Екатерина Лагно – Карисса Йип;
- Валентина Гунина – Цзюй Вэньцзюнь.
20 жастағы Бибісара Асаубаева 2019 жылы әйелдер арасында гроссмейстер атанды, ал 2021 және 2022 жылдары блицтен әлем чемпионатын жеңіп алды.
Сондай-ақ ол Қазақстан әйелдер құрамасымен бірге шахмат олимпиадасында күміс жүлде еншілеген еді. Бұл Қазақстан үшін тарихи нәтиже болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу