Бірінші айналымда үндістандық тәжірибелі гроссмейстер Хампи Конерумен кездескен қазақстандық спортшы сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Бибісара Асаубаева Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан турнирде жеке-дара көш басына шықты.
Қазіргі турнирлік кесте төмендегідей:
Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 3 ұпай;
Дивья Дешмукх (Үндістан) – 1,5 ұпай;
Чжу Цзиньэр (Қытай) – 1,5 ұпай;
Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – 1 ұпай;
Анна Музычук (Украина) – 1 ұпай;
Хампи Конеру (Үндістан) – 0 ұпай.
Жаза кеткен жөн, турнирде ерекше ұпай жүйесі қолданылады. Классикалық партиядағы жеңіс үшін 3 ұпай тарту етіледі. Егер негізгі ойын тең аяқталса, шахматшылар "армагеддон" форматында қосымша партия өткізуге мәжбүр. Мұнда жеңімпаз 1,5 ұпай алса, жеңілген ойыншыға 1 ұпай жазылады.
Биылғы Norway Chess Women 2026 жарысында барлығы 10 тур ойналады. Алты шахматшы қатысатын дода екі айналым жүйесімен өтеді және турнир 5 маусымға дейін жалғаспақ.