Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

103

Кипрдің Пафос қаласына қарасты Пейя өңіріндегі "Cap St Georges Hotel & Resort" кешенінде FIDE Candidates Tournament турнирі өтуде. 

Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Үміткерлер турнирінде Бибісара Асаубаева Қытай өкілі, 2024/25 жылғы FIDE Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэрмен кездесті. Асаубаева бұл партияда қара тастармен ойнап, жеңіске жетті және бір ұпай еншіледі. Алдыңғы турларда екі рет тең түскен қазақстандық шахматшы жалпы есепте екі ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. Қалған қатысушылар әзірге жеңіске жете алған жоқ.
Бибісара Асаубаева келесі ойынын 1 сәуір күні тағы бір қытайлық шахматшы Тань Чжунъиге қарсы өткізеді.

Жалпы жарысқа сегіз шахматшы қатысуда. Турнир жеңімпазы қазіргі әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен әлем чемпионы атағы үшін матч өткізу құқығына ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің жүлде қоры 300 000 еуроны құрайды. Жүлдегерлерге берілетін сыйақы көлемі мынадай: 1-орын иегері 28 000 еуро, 2-орын иегері 17 000 еуро, ал 3-орын иегері 8600 еуро алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу