Екінші турда қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ақ тастармен ресейлік Александра Горячкинаға қарсы ойнады. 41-ші жүрісте қарсыластар тең нәтижеге келісті.
Екі турдан кейін жарыстың барлық қатысушыларының еншісінде 1 ұпайдан бар. Қосымша көрсеткіштер бойынша қытайлық Чжу Цзиньэр көш бастап тұр. Ал, Бибісара Асаубаева 5-орында келеді.
Үшінші турда Асаубаева рейтингтің фавориті Чжу Цзиньэрмен кездеседі. Қазақстандық шахматшы бұл партияны қара тастармен өткізеді.
Турнир классикалық уақыт бақылауымен өтуде. Алғашқы 40 жүріске 120 минут беріледі. Одан кейін партия соңына дейін 30 минут қосылады. Сонымен қатар, 41-ші жүрістен бастап әр жүріске 30 секундтан қосылып отырады.
Турнир жеңімпазы әлем чемпионы атағы үшін қазіргі чемпион, қытайлық Цзюнь Вэйцзюньге қарсы матч өткізеді.
Үміткерлер турнирі 16 сәуірде аяқталады.