Бидай тасымалдау шығындарының құнын арзандатуға берілетін субсидия көлемі белгілі болды

293

Құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

Бидай тасымалдау шығындарының құнын арзандатуға берілетін субсидия көлемі белгілі болды Фото: Агроэкспорт

Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Азық-түлік астығын тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары" қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат жобасына сай, ауыл шаруашылығы министрлігі бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі саналады.

Оператор – ұлттық теміржол компаниясы айқындаған астық тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жеткізушілерге көліктік-экспедиторлық тасымалдау қызметтерін көрсететін заңды тұлға.

Өнім беруші – астықты Қазақстан Республикасының аумағынан өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Бюджеттік субсидиялар бірыңғай операторға азық-түлік астығын тасымалдауға байланысты нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді.

Бюджеттік субсидияларды төлеуді бидайды тасымалдау кезінде жеткізушілердің шығындарды жүзеге асырғанын растайтын құжаттар негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады:

  • Ресей Федерациясының аумағы арқылы қара және Балтық теңіздерінің Ресей порттарының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде транзитпен;
  • Ресей Федерациясының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының аумағы арқылы Балтық теңізі порттарының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде транзитпен;
  • Қытай Халық Республикасы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде транзитпен;
  • Түрікменстан арқылы Ауғанстан Ислам Әмірлігінің бағытына бір тонна үшін 20000 теңге мөлшерінде транзитпен;
  • Әзірбайжан Республикасының, Грузияның, Армения Республикасының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде;
  • Иран Ислам Республикасының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде бекітіледі.
  • Қаулы жобасы 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады және 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу