Билек дәл қазіргі үздіктерді таңдапты

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2219

Қазақстан құрамасының бас бапкері алдағы екі ойында ел намысын қорғайтын футболшыларымыздың тізімін жариялады.

Билек дәл қазіргі үздіктерді таңдапты Фото: kff.kz

Еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері, Чехия маманы Михал Билек Бельгия және Сан-Марино футболшыларымен өтетін матчтарға шақырылған футболшыладың тізімін жариялады. Бұл екі ойын да – 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасы аясындағы матчтар.

Осы ретте естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы маусымның 8-інен 9-ына ауған түні Брюссельде Бельгия құрамасымен додаға түседі. Ал 11 маусым күні "Астана-Арена" стадионында Сан-Марино футболшыларын қабылдайды. Билеттер – 500 теңгеден 3000 теңгеге дейінгі аралықта.

Тізімге дәл қазір көзге түсіп жүрген, спорттық баптарына келген футболшылар ілігіпті. Билектен бұған дейінгі қайсыбір бас бапкерлеріміздей кейбір футболшыларымыздан теріс айналғаны байқалмайды. Кім ел чемпионатында жанын салып ойнап жүр, негізінен солар шақыртылған.

Сонымен Қазақстан ұлттық құрамасының тізіміне іліккен 24 футболшы:

қақпашылар – Дмитро Непогодов ("Ордабасы"), Стас Покатилов ("Қайрат"), Игорь Щацкий ("Шахтер");

қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (бәрі де – "Астана"), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский (екеуі де – "Қайрат"), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де – "Ордабасы"), Олжас Керімжанов ("Жетісу"), Александр Марочкин ("Қайсар");

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков  (бәрі де – "Қайрат"), Азат Нұрғалиев, Максим Федин (екеуі де – "Тобыл"), Асхат Тағыберген ("Қайсар"), Александр Меркель ("Хераклес", Голландия), Бактиер Зайнутдинов ("Ростов", Ресей), Юрий Перцух ("Астана");

шабуылшылар – Бауыржан Тұрысбек ("Тобыл"), Абат Айымбетов ("Ақтөбе"), Тоқтар Жаңғылышбай ("Ордабасы"); 

Жаттықтырушылар құрамы:

Михал Билек – бас бапкер,

Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі,

Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі,

Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы,

Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы. 

Футбол жанкүйерлерінің "ұлттық құрама сапында Еркебұлан Сейдахмет жоқ" деп алаңдаушылық білдірулері де ықтимал. Ол әзірше еліміздің жастар құрамасы сапына шақыртылыпты. Қазақстан U-21 құрамасы 6-шы және 10-шы маусым күндері Фарер Аралдары және Црна Гора жас таланттарымен түзде ойнайды. Егер қажет болып жатса, ұлттық құрама сапына тартылуы да мүмкін.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу