Билік шерушілердің үнін естіді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
3214

"Елде әлеуметтік мәселелердің барын жасырмаймын".

Билік шерушілердің үнін естіді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеарнасына сұхбат берді. Телеарна тілшісі Мемлекет басшысынан ел ішіндегі толқулар туралы сұрады.

"Шерушілерге келер болсақ, иә олар шын мәнінде көшеге наразылық танытуға шықты. Қазір олардың талабын сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізінен талаптар әлеуметтік сипатқа ие. Елде әлеуметтік мәселелердің барын жасырмаймын. Мәселелердің бәрі халықтың кедейленуінен туындап отыр. Олар үкіметтен жинақталып қалған әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешіп беруді талап етуде. Билік мұны естіді. Жұмыс істейтін боламыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ел Президенті наразылыққа шыққандар арасында тәртіп бұзған, бірақ қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген адамдар барын айтты және олардың бәрі жуық арада босатылады деп сендірді.

Сондай-ақ ол кездейсоқ адамдардың да қамауға алынғанын жеткізді.

"Олардан кешірім сұрап, қамаудан жеделдетіп шығарамыз. Бұл мәселе шешілетін болады", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев "президент сайлауы әділ өтпеді" дейтін адамдарға қатысты да пікір білдірді.

"Олар әділ өтпеді деп есептейді. Ал мен сайлау әділ өтті деген пікірдемін", – деді Мемлекет басшысы.

Президент елдегі наразылықтар заңсыз ұйымдастырылатын болса, олардың бәрі тоқтатылатын мәлімдеді.

"Заңсыз наразылықтардың бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшедегі мұндай жиындардың заңсыз екенін бірнеше рет ескертті. Рұқсат етілмеген митингілер, тәртіпсіздіктер мұндай акцияларға қатысқысы келмейтін адамдарға кедергі келтіреді", – деді Президент.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу