Білім саласында жемқорлық атымен болмауы тиіс – Ғани Бейсембаев

977

Министр қаржы жымқырған білім саласының қызметкерлері туралы не ойлайды? 

Білім саласында жемқорлық атымен болмауы тиіс – Ғани Бейсембаев Фото: 200.alschool.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте білім саласындағы жемқорлыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оқу-ағарту мен жемқорлық бір-біріне сәйкес келмейтін ұғымдар. Сондықтан былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, осы саладағы мәселелерді зерттеуге кірістік. Сол бағытта Жол картасы әзірленді. Бірнеше рет мектеп басшыларымен, білім басқармаларымен бірлескен кездесулер, семинарлар өткізілді. Қазір көп анықталып отырған жағдайлар 2020 жылдан бастап жіберілген көп қателік шығып жатыр. Жалпы бұл салада жемқорлық атымен болмауы тиіс", - деді министр.

Сөзінше, бұл бағытта бірлескен жұмыс жүргізілуі керек.

Айта кету керек, осыған дейін Алматы облысында білім бөлімінің басшысы 680 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу