Билл Гейтс адамзат тарихындағы ең қауіпті технологияны атады

369

Ол жасанды интеллектінің қауіпсіздігі мәселесін Трамппен талқыламақ. 

Билл Гейтс адамзат тарихындағы ең қауіпті технологияны атады Фото: REUTERS / Denis Balibouse

Microsoft компаниясының тең құрылтайшыларының бірі Билл Гейтс жасанды интеллектіні "адамзат бұрын-соңды ойлап тапқан ең қауіпті технология" деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD агенттігіне сілтеме жасап.

Ол CNN арнасына берген сұхбатында ЖИ-дің автокөліктерден, ұшақтардан немесе психотроптық заттардан да үлкен қауіп төндіретінін айтып, АҚШ билігін оның дамуын бақылауды күшейтуге шақырды. Гейтстің сөзінше, жасанды интеллектіні реттеуді тек IT-гиганттардың өз еркіне тапсыруға болмайды.

"Қоғамның қолындағы жалғыз бақылау құралы ЖИ-ді әзірлеп жатқан компаниялардың өзі ғана болып қалмауы тиіс", – деп атап өтті кәсіпкер.

Бұған дейін Билл Гейтс NBC арнасына берген сұхбатында жасанды интеллектінің дамуы апатты салдарға әкелуі мүмкін екенін ескерткен еді.

"Жасанды интеллект – миллиардқа жуық адамның өліміне әкелуі мүмкін оқиғаларды тудыруға қауқарлы аса қуатты құрал", – деді ол.

Оның пікірінше, келесі жылдың өзінде жаңа технологиялар салдарынан хакерлік шабуылдар саны бірнеше есе артуы мүмкін. Осыған байланысты Билл Гейтс ЖИ қауіпсіздігі мәселесін АҚШ президенті Дональд Трамппен және оның әкімшілігімен талқылауды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу