Billie Jean King Cup. Путинцева Үлкен дулыға турнирінің үш дүркін чемпионымен кездеседі

1896

Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесу 15-16 сәуір күндері елордада өтеді.

Billie Jean King Cup. Путинцева Үлкен дулыға турнирінің үш дүркін чемпионымен кездеседі

Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы Әлем чемпионатының іріктеу матчының жеребе тарту рәсімі өтті. Құрамалар арасындағы кездесуді Юлия Путинцева мен әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Үлкен дулыға турнирінің үш дүркін чемпионы Анжелика Керберге бұйырды. Бұл жұп жұма күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:00-де орталық кортта өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ Ұлттық теннис орталығының аренасында өтетін матчтарда Қазақстан құрамасының бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Лаура Зигемунд  кездеседі.

Ал 16 сәуір Елена Рыбакина - Анжелика Кербер, Юлия Путинцева - Лаура Зигемунд және Анна Данилина/Ярослава Шведова - Анна-Лена Фридсам/Жюль Нимейер арасында кездесу өтеді. Ойындар сенбі күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады.

Осы орайда Германияның бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирінің үш дүркін жеңімпазы Анжелика Кербер Billie Jean King кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстанмен өтетін матчқа қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан құрамасы – күшті әрі қолайсыз қарсылас. Оған қоса бәсеке елордада өтеді.

"Елена Рыбакина – Қазақстан ғана емес, әлемдегі мықты теннисшілердің қатарында, ол көптен бері жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. Мен үшін ел намысын қорғау – үлкен құрмет. Бұл ретте ештеңе өзгерген жоқ. Тіпті Қазақстан сияқты алыстағы елге баруға тура келіп, өзімнің жарыстарға дайындалуыма кедергі болса да, Германия үшін ойнауға барымды саламын. Ең бастысы, құрама үшін күткен нәтижеге қол жеткізсек, болды", - деді Анжелика Кербер.

Сондай-ақ ITF президенті Дэвид Хаггерти Қазақстанға келді. Дэвид Хаггерти кеше Алматыда болды. Оның сапарының басты мақсаты оңтүстік астананың спорттық инфрақұрылымымен танысу. Дэвид Хаггерти ЦСКА, ACE және Горький теннис паркін аралады. Ал бүгін ел астанасында Халықаралық теннис федерациясының президенті Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы Billie Jean King Cup кубогының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсіміне қатысты. Ал ресми бөлімнен кейін мәртебелі мейманның журналистермен кездесуі жоспарланған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу