БинкБанк Туры. 1-кезең. Финалда "Астана" шабандоздары қақтығысқа тап болды

1216

Елордалық "Астана Про Тим" велокомандасы Әлемдік Тур аясында өтіп жатқан "БинкБанк Туры" көпкүндігінде бақ сынауда.

БинкБанк Туры. 1-кезең. Финалда "Астана" шабандоздары қақтығысқа тап болды

"БинкБанк Туры" (Бланкенберг – Ардойе, 132.1 шақырым) көпкүндігінің алғашқы кезеңінде финишке 4.2 шақырым қалғанда шабандоздар қақтығысы орын алып, пелотон бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Нәтижесінде көшбасшылардан құралған шағын топ кезеңдегі жеңіс үшін өзара таласқа түсті.

Өкінішке орай "Астана Про Тим" шабандоздары Даниил Фоминых, Лауренс де Вриз, Дмитрий Груздев және Евгений Гидичтер қақтығысқа тап болды.

"Біздің шабандоздарымыз кезеңнің финалында құлап қалды. Бірақ, қуанышқа орай олар ауыр жарақаттанған жоқ. Жігіттердің барлығы кезеңді соңына дейін жүріп өтті. Алайда, пелотон бірнеше бөлікке бөлініп кеткендіктен, финалда шабуылдауға мүмкіндігіміз болмады. Алдыңғы қатарда тек Давиде Мартинелли бар болатын. Ол соңғы сәтте қақтығыстан құтылып кетті. Бірақ оған жылдам әрі жүйке жұқартарлықтай өткен спринтте жалғыз өзі жетістікке жету қиын болды. Дегенмен, қазір барлық шабандоздардың жағдайлары жақсы. Енді біз келесі кезеңге дайындаламыз", - деді "Астана Про Тимнің" спорттық директоры Дмитрий Седун.                                     

Мадс Педерсен мен Паскаль Акерманды басып озған бельгиялық шабандоз Яспер Филипсен кезең жеңімпазы атанды. "БинкБанк Турының" 2-кезеңі бүгін өтеді. Шабандоздар Влиссинген қаласында ұзақтығы 10.9 шақырымды құрайтын жекелей жарыста бақ сынайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу