БинкБанк Туры қайта жалғасты

1155

Astana Pro Team велокомандасының қатысуымен Нидерланды мен Бельгия жолдарында өтіп жатқан көпкүндіктің коронавирустың өршуіне байланысты 2-кезеңі қысқартылып, жарыс бағыты өзгертілді.

БинкБанк Туры қайта жалғасты

29 қыркүйек басталған "БинкБанк Туры 2020" веложарысы сәрсенбі күні күтпеген жағдайға тап болды. Нидерландыда науқас тұрғындардың саны күрт өсті. Сондықтан ел үкіметі қауіпсіздік шараларын күшейтті. Осы шектеу шаралары нәтижесінде жарысқа әсер етті. Велододаның көп бөлігі осы елде өткендіктен, жекелей уақытқа арналған екінші кезең қысқартылды. Үшінші кезең мен төртінші кезеңдердің де өтуі де екіталай еді. Себебі жаңа санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес Ситтард-Гелеен, Тернейцен және Виссинген муниципалитеттерінде жарыс өткізуге тыйм салынды.

Сонымен, 2-кезең өтпей қалғандықтан, Альтер қаласында үшінші кезеңмен "БинкБанк Туры" көпкүндігі қайта жалғасты. Пелотон жалпы ұзақтығы 157 шақырым болатын 7 айналымды жүріп өтті. Күн суық және жаңбырлы болды. Кезең алдын ала күтілгендей жаппай спринтпен аяқталып, жалпы есептің жаңа көшбасшысы Дейн Мадс Педерсен жеңіске жетті.

Финишке 23-болып келген Давиде Мартинелли "Астана Про Тим" шабандоздары арасынан үздік нәтиже көрсетті.

"Кешегі кезең өтпей қалғандықтан, бүгін жарысты қайта жалғастырғанымыз үшін қуаныштымын. Күні бойы жаңбыр жауып, ауа-райы нашар болғандықтан, жарыс қиынға соқты. Бірақ, кезеңді еш қиындықсыз өткіздік. Финалда алдыңғы шепте біздің шабандоздардан Давиде Мартинелли болды. Ол спринтке қатысуға тырысқанымен, соңғы айналымда шабандоздар арасында қалып қойып, жақсы спринт көрсете  алмады. Ертең бізді жекелей уақытқа арналған жарыс күні күтіп тұр. Ал одан кейін Гераардсбергенде өтетін кезеңге дайындаламыз", - деді Дмитрий Седун.

"БинкБанк Турының" 4-кезеңі бүгін Риемстте, ұзақтығы 8.4 шақырым болатын жекелей жарыспен жалғасады.  

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу