2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында республика бойынша 30 орман өрті тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдарға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінде – 21 өрт;
- мемлекеттік орман қоры жерлерінде – 9 өрт.
Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы, РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйелері арқылы анықталды.
– Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, РМҚК "Қазавиаорманқорғау" авиациясы мен әуе өрт сөндіру десанттары, сондай-ақ мемлекеттік орман күзетінің арнайы күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрттердің таралуына жол берілмей, олар қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілді, – делінген хабарламада.
Орман өрттерінің алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.