Бір боксшымыз жеңілді

2793

Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бір боксшысы ұтылды. 

Бір боксшымыз жеңілді

63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда кубалық Энди Гомеспен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша кубалық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Айта кеуіміз керек Энди Гомес осы салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы. Сондықтан болар қарсыластың қарымы отандасымызға қарағанда мықтырақ болды. 

Зәкір Сафиуллин Әлем чемпионатын Әзербайжан боксшысы Бақтияр Газибаевты жеңіп бастаған болатын. Келесі айналымда канадалық Томас Блуменфельдпен кездесуі тиіс еді. Алайда канадалық спортшы кездесуге шығудан бас тартып, Сафиуллин 1/8 финалға жолдама алған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу