Олардың қазіргі Мысыр аумағының едәуір бөлігін алып жатқан таяз теңізде мекендегені де айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Зерттеушілер жаңа түрге ежелгі мысырлықтардың құдайы Хордың құрметіне "Herugavialis cairensis" деген атау берген. Қолтырауынның тұмсығы ұзын әрі жіңішке, тістері өткір болған.
Жануар өлгеннен соң теңіз түбіне шөгіп, миллиондаған жыл бойы шөгінді қабаттардың астында қалған. Уақыт өте келе бұл шөгінділер қатайып, әктасқа айналған. Ал ежелгі мысырлықтар кейіннен осы әктасты Ұлы Сфинксті тұрғызуға пайдаланған. Осылайша, қолтырауынның сүйектері бірнеше мың жыл бойы Сфинкс құрылысының ішінде сақталған.
Қазба қалдықтары алғаш рет 1920 жылдары табылған. Десе де, олардың қандай құпияны жасырғанын ғалымдар тек арада шамамен бір ғасыр өткен соң анықтай алды.
2023 жылы зерттеуші, доктор Пол Берк осы ежелгі сүйектерді заманауи 3D-рентген технологиясының көмегімен қайта зерттеген. Зерттеу нәтижесі бұл қалдықтардың ғылымға бұрын белгісіз болған жануар түріне тиесілі екенін көрсетті.
Ғалымдардың айтуынша, жаңалық тек жаңа қолтырауын түрін анықтаумен шектелмейді. Зерттеу барысында жануардың тұқымдасына жақын бауырымен жорғалаушылардың арасында бұрын белгісіз болған жаңа бір топтың бар екені де анықталған.