Бір мақсатты көздейтін бірнеше бюджеттік бағдарламаны қабылдауға тыйым салынады

Бюджеттік бағдарлама келісілмейді және бекітілмейді, оған бюджеттік бағдарламаның басшысы, оның ішінде электрондық форматта қол қояды. 

Бір мақсатты көздейтін бірнеше бюджеттік бағдарламаны қабылдауға тыйым салынады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Бюджет кодексін әзірлеу барысында бірнеше негізгі міндет көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазіргі кезде бюджетті жоспарлау ақпан-наурыз айларында басталып, 30 желтоқсанда аяқталады, 9-10 айға созылады. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жеңілдеткен түрде қалыптастырғаннан кейін, 3 жылға 1 рет тұрақты базалық лимиттерді белгілеуді ескере отырып, бюджет процесі 1 маусымда басталатын болады – қазір 15 наурызда басталады. Шығыстар лимиттері 7 маусымға дейін жеткізіледі. Тиісінше бюджеттік бағдармалар әкімшілерінің бюджеттік сұрау салуды ұсыну мерзімі  қолданыстағы 15 мамырға дейінгі мерзімнің орнына – шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішіне ауысады", – деді министр Үкімет отырысында. 

Үкімет пен Парламентке республикалық бюджет туралы заң жобасын енгізу мерзімі өзгеріссіз – 15 тамыз және тиісінше 1 қыркүйек болып қалады. Жергілікті бюджеттер бойынша да дәл солай.

"Блоктық бюджеттеу бюджеттік рәсімдерді оңайлату, бюджеттің икемділігін күшейту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері  дербестігін арттыру шеңберінде енгізіледі. Бірінші, бұл бюджеттік процедураларды оңтайландыру. Жеке екі құжат – бюджеттік бағдарлама мен бюджеттік өтінімді біріктіреміз. Енді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік сұрау деген құжатты қалыптастырады. Онда мемлекеттік орган туралы ақпарат ашылады, бюджеттік бағдарламаның паспорты, есептері жасалады және бір пакетпен уәкілетті органдарға енгізіледі. Бюджеттік бағдарлама келісілмейді және бекітілмейді, оған бюджеттік бағдарламаның басшысы, оның ішінде электрондық форматта қол қояды", – деп атап өтті министр. 

Әлібек Қуантыровтың айтуынша бұл оны құрастыру сапасына жауапкершілікті күшейтеді.

Екінші, министрдің айтуынша, тұрақты сипаттағы негізгі шығыстар блогын үш жылға белгілеу ұсынылып отыр. Үшінші, блоктық бюджет бюджетті жоспарлау және орындау процестерінің ішіндегі мемлекеттік органдардың дербестігі мен икемділігін арттыруды көздейді. 

"Ол үшін стратегиялық мақсаттың айналысында бюджеттік бағдарламаларды ұлғайту орынды болып көрінеді. Бір мақсатқа арналған екінші, үшінші бюджеттік бағдарламаны ашуға тыйым салатын тікелей норма енгізіледі. Бұл жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын басқаруда икемділік пен дербестік береді. Бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу көлемін түзету жолымен 10 пайыздан 15 пайызға дейін ұлғайтуды ескере отырып, бюджет процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді", – деді министр. 

Сонымен қатар биылғы жылы орындалмайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша 1 желтоқсанға дейін шығыстар пулын айқындауды ұсынылады. Осы тізбе бойынша шығыстар бюджетті түзетусіз жаңа қаржы жылы басталғаннан кейін бірден жыл басындағы қалдықтар есебінен жүргізілу ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу