Бір пешті жөндеуге 2 млрд теңге жұмсалды

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
14762

Пандемияға қарамастан, жөндеу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталды. 

Бір пешті жөндеуге 2 млрд теңге жұмсалды

Тұтас әлемді шарпыған коронавирус пандемиясына қарамастан, Еуразиялық Топ құрамындағы Ақсу ферроқорытпа зауыты ірі инвестициялық жобаларды ойдағыдай жалғастыруда. Мәселен, кәсіпорында өнімділігі 5 %-ға арттырылған №22 пешке күрделі жөндеу жүргізілді. Жөндеуді дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде жұмыстар әу баста жоспарланған 90 күннің ішінде емес, 56 күнде аяқталды.

Күрделі жөндеу кезінде металлургиялық агрегаттың сенімділігін арттыруға басымдық берілген. Пештегі технологиялық операциялардың дені енді автоматты түрде жүзеге асырылатын болады. Заманауи автоматтандыру жүйелері қуатты тиімді пайдалану мен токтық режимнің нақты бақылауды, қосымша энергия үнемдеуді ғана емес, сонымен қатар металлургтердің еңбек қауіпсіздігін арттырады. Пешке орнатылған қуатты трансформатордың нәтижесінде оның жылдық өнімі шамамен 35 мың метрикалық тонна болатын жоғары көміртекті феррохромды құрайды.

"Пандемияға байланысты орнаған қысылтаяң уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеуде және барлық өндіріс процесі ешқандай өзгеріссіз қала бермек. Жөндеу науқандары да кесте бойынша жүргізіледі. Біз электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен пеш агрегаттарының, қосалқы жабдықтардың тұрақтылығын жақсартуға кұш саламыз. Мұның барлығы №22 пешті барынша сенімді, экологиялық таза және қызметкерлер үшін қауіпсіз етуге мүмкіндік берді", – дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев.

Жөндеу уақытын оңтайландыру арқылы аталған пеш қосымша 3,4 мың метрикалық тонна феррохром өндіретін болды.

"Жөндеу тиімділігін арттыру бағдарламасы аясында күрделі жөндеу кестесі жасалған болатын. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына қажетті бөлшектер мен жинақтардың көбі дайындалатын өзіміздің жеке жөндеу базамыз күрделі жөндеу уақытын жүйелі түрде азайтуға септігін тигізді", – дейді Ақсу ферроқорытпа зауыты директорының орынбасары Игорь Кулешов.

Пешті қайта жөндеуге жұмсалған қаржы 2 млрд теңгеден асады.


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу