"Бір жасар балам бар": Декреттік демалыстан Парижге барған Джеруто алтыннан үмітті

1599

Жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасының финалына шыққан Нора Джеруто пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бір жасар балам бар": Декреттік демалыстан Парижге барған Джеруто алтыннан үмітті Фото: olympic.kz

"Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Сондықтан, финалда Қазақстан намысын қорғайтыныма өте қуаныштымын. Өзімнің жеке рекордымды орнатқаным да қуантады. Финалда мен өзімді көрсетемін әлі. Көп нәрсе күтемін. Менің Қазақстанға алғысым шексіз. Олимпиадаға тыңғылықты дайындалдым. Менің бір жасар балам бар. Бірақ маған декреттік демалыстан оралу қиын болған жоқ, себебі, мен үнемі өзімді бабымда ұстаймын. Іріктеу кезінде эфиопиялық және америкалық атлеттермен жарысу қиын болды. Оларды басып озу оңай емес. Бірақ финалда аянып қалмаймын", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу