Бір жыл ішінде Қазақстанда 400-ге жуық айырбастау пункті жабылған

4280

Олардың саны әсіресе Алматы, Атырау және Ақмола облыстарында азайған.

Бір жыл ішінде Қазақстанда 400-ге жуық айырбастау пункті жабылған

Елімізде айырбас пунктерінің саны қысқарып жатыр. 2018 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың ақпаны аралығында елде 390 айырбас пункті жабылған. Биылғы жылдың тек екі айының өзінде айырбас пунктерінің саны 176-ға азайған. Жыл басынан бері банктер 117 айырбас пунктін, өкілетті органдар 55-ін, "Қазпошта" 4-ін жапқан.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2019 жылдың 1 наурызында 2528 айырбас пункті болған, оның 1567-сі банктерге, 738-і өкілетті ұйымдарға және 223-і "Қазпоштаға" тиесілі болған.

Айырбас пунктерін, әсіресе, банктер көптеп жабуда, бір жыл ішінде оның саны 279-ға қысқарған. Ал жекеменшік айырбас пунктерінің саны 111-ге қысқарған. Тап осы уақыт ішінде "Қазпошта" еліміз бойынша айырбас пунктерін ашу арқылы валюталық операциялар нарығында үлесті жаулап алуда. 2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың ақпаны арасында олардың саны 23-ке көбейген.

Басқаларға қарағанда бір жыл ішінде айырбас пунктері Атырау облысында көп жабылған. Қаладағы 84 айырбас пункті өз жұмысын тоқтатқан. Екінші орында Алматы тұр. Алматыда олардың саны 76-ға, ал Ақмола облысында 52-ге қысқарған. Алматы облысында бір жыл ішінде 48 пункт, Нұр-Сұлтанда 31-і жабылған.

Бұдан бұрын сарапшылар айырбас пунктерінің жабылуына Ұлттық банк тарапынан көбейіп келе жатқан ірі ойыншылармен бәсекелестіктің жоғары болуы, сондай-ақ шығынға әкелетін валюта нарығындағы құбылмалық себепші деген болатын.

Жантөре Қасым

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу