Ел тарихында жеке тұлғаның мұндай көлемде көмек көрсетуі бұрын-соңды болмаған. Біздің қазақстандықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі – баспана. Freedom Finance Global компаниясының 2023 жылғы зерттеуіне сәйкес, халықтың тек 9,3% ғана бос жалға берілетін жылжымайтын мүлікке ие екен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның үстіне, меншік иелерінің жартысына жуығы (45,6%) баспаналарын пайда табу үшін пайдаланады.
Ал, жеке пәтері жоқ қазақстандықтардың 47,8%-ы тұрғын үйді жалға алады, бұл жалпы халықтың 8,1%-ын құрайды. Әрине бұл сандар қолжетімді баспанаға деген қажеттілік күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе екенін көрсетіп тұр.
Мемлекеттік бағдарламалар: нәтижелері мен ауқымы
Мемлекетіміз баспана мәселесін шешуде белсенді жұмыстар атқарып, түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Мәселен, үш жыл ішінде (2022-2024 жылдар аралығында) Алматыда 5,5 мың отбасы баспаналы болды. Тек 2024 жылдың өзінде қалада мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2 мың пәтер берілді. Алушылар қатарында көп балалы отбасылар, жастар, халықтың әлеуметтік осал санаттарының өкілдері бар. Әрине, бұл баспана мәселесін шешуге арналған маңызды қадамдар, бірақ мәселенің ауқымы кең болғандықтан қосымша күш салуды қажет етеді.
Бизнесті дамыту: Тимур Құлыбаевтың үлгісі
Бұл жерде үлкен бизнес алаңға шықты.
Мәселен, 2024 жылы Тимур Құлыбаев "Халық" жеке қайырымдылық қоры арқылы бұрын-соңды болмаған ауқымды жобаны қолға алды. Бір жылдың ішінде 1400 үй тегін салынды, бұл шамамен есептегенде 10 мың қазақстандықты жеке баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл жоба тұрғын үй мәселесінің шешімі ғана емес, өзара көмек көрсету дәстүрін қайта жаңғыртты.
Су тасқыны: елді біріктірген күш
Биыл көктемде елімізегі 17 облыстың 10-ы табиғи апатқа тап болды. Табиғаттың тосын апаты 60 елді мекендегі үйлер су астында қалып, 119 мыңнан астам адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды.
Қайғылы оқиға әсіресе, Атырау облысына ауыр тиді. Мәселен, Құлсары қаласында аумақтың үштен бірі су астында қалды. 60 мың халықтың тең жартысы – әйелдер, балалар және зейнеткерлер эвакуациялануға мәжбүр болды. Қалған ерлер, оның ішінде мектеп оқушылары мен студенттер қаланы жанқиярлықпен қорғады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырған болатын. Тимур Құлыбаев алғашқылардың бірі болып үн қосты. Оның "Халық" қоры баспанасынан айырылғандарға көмек көрсету үшін 1 миллиард 445 миллион теңге бөлді.
Сонымен қатар, Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге жеке өзі 30 миллиард теңге бөлді. Су тасқынының салдарын жоюға "Халық қоры" Халық банкімен бірлесіп барлығы 31,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.
Қайырымдылықтың жаңа деңгейі
Қоғамның бірігуі, әсіресе Құлыбаев пен басқа да қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауы біріккен күш-жігердің әлеуетінің қаншалықты қуатты екенін көрсетті. Тек 2024 жылдың көктемінде бизнестен 250,5 млрд теңге жинауға мүмкіндік туды. Бұл қаражат тұрғын үйді, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және адамдарды қолдауға жұмсалды.
Бұл ретте "Халық" қайырымдылық қоры жүйелі көмек көрсетуде көшбасшы болып қала береді. Құлыбаев қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетумен қатар, 2024 жылы Астанадағы тұрғын үй кешенінен 400 пәтерді пайдалануға беріп, қолдауға мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз етті.
2024 жыл Қазақстандағы қайырымдылық саласында жаңа кезеңді бастады, бұл тиімді қолдау мен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті.