"Бірден 3 титул!": "Қазақ стилі" әлемді дүр сілкіндіруге дайындалып жатыр

Бұл туралы бокс комментаторы Фернандо Сабатини жариялаған. 

"Бірден 3 титул!": "Қазақ стилі" әлемді дүр сілкіндіруге дайындалып жатыр Фото: Legalbet.kz

Ол орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) келесі жекпе-жегіне қатысты өте маңызды мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ф.Сабатини жеке парақшасында доминиканалық боксшы Карлос Адаместің сөзін мысалға алған. Былғары қолғап шеберінің сөзінше, кездесу уақыты да, орны да белгіленбеген. Бірақ, көптен күткен бокс кеші міндетті түрде өтеді. 

– Біз Жәнібек Әлімханұлымен титул біріктіретін жекпе-жек өткізуге өте ұзақ уақыт бойы ұмтылып келдік, бірақ, шарттар бойынша келісімге келе алмадық. Десе де, бұл кездесу өтеді. Ол келесі айқас болу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Келісімге келдік десек те болады, – деп жазған ол. 

Еске салайық, "Қазақ стилі" Жәнібек Әлімханұлы да мұны растап, жаңалықтың шет-жағасынан хабардар еткен-ді. 

– Құрметті жанкүйерлер! Жақында сіздер күткен үлкен жаңалықты естисіздер. Бұл орта салмақтағы көптен күткен жекпе-жек болмақ, – деген болатын ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу