АЭС салу мәселесі бойынша өткізілген референдумның exit-poll нәтижелері шықты

692

Айта кетейік, 6 қазан 20:00-дегі жағдай бойынша дауыс бергендер 63,87 пайызды (7 820 918 адам) құраған.

АЭС салу мәселесі бойынша өткізілген референдумның exit-poll нәтижелері шықты Фото: atpress.kz

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдум кезінде бірнеше ұйымның мамандары учаскелерден шыққан адамдар арасында сауалнама өткізіп, қандай дауыс бергенін сұраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде, "Amanat" партиясының "Қоғамдық саясат институты" жүргізген сауалнама бойынша дауыс бергендердің 72,3%-ы "иә" десе, 27,7%-ы "жоқ" деп дауыс берген. Сауалнамаға 44 160 адам қатысқан.

Ал Еуразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 71,8%-ы "иә", 28,2%-ы "жоқ" деп дауыс берген. Сауалнамаға 30 546 адам қатысқан.

"Астана" кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы "иә" десе, 30,2%-ы "жоқ" деп дауыс берген. Сауалнамаға 283 519 адам қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу