Бірінші лига былыққа батты

1884

"Қыран" "Алтайды" 2-0 есебімен жеңіп, "Ақтөбеден" 5 ұпайға ұзап кетті.

Бірінші лига былыққа батты

Бір конференцияда ойнап жатқан "Қыран" мен "Ақтөбе" жоғарғы топқа берер жолдамаға таласып жатыр. Екеуінің тартысы қызып тұр. "Ақтөбенің" қайтадан ҚПЛ-ге оралу үшін бар күш-жігерін жұмсап жатқанын білеміз. Тіпті екі рет тең ойнағаны үшін клуб басшылығы бас бапкерді қызметінен алды.

Бүгін "Қыран" мен "Алтай" кездесті. Шығыс Қазақстандық команданың қақпасына пенальти белгіленді. Матчтың басталғаны сол еді, төреші күмәнді 11-метрлік айып добын ойлап тапты. Мақұл делік, ондай оқиға күнде болып жатыр ғой. Бірақ, біздің бір таңқалатынымыз осы ойынға неге Болат Қарлыбаев төрелік етеді? Ол осымен "Қыранның" ойынын үшінші мәрте жүргізіп жатыр. Түркістанның командасына басқа төреші табылмай қалды ма? 5-турдың ішінде үш рет "Қыранның" ойынына түсе беруі сәйкестік емес қой! Бастапқыда "Қыран" "Байқоңыр" мен "Екібастұз" командаларына қарсы ойнады. Бұл командаларды "Қыран" қиналмай жеңді. Сосын, тегеурінді "Арыс", "Ақтөбе" және "Алтай" секілді командаларға қарсы ойында Болат Қарлыбаев төреші болып бекітілді.

Енді "Қыран" келесі турда "Мақтааралмен" кездеседі. Бәлкім осы ойында да төреші Батысқазақстандық Болат Қарлыбаев болатын шығар? Оны әлбетте уақыт көрсете жатар. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшылығы осы жағдайға не деп жауап береді? Жерлестерімен болатын ойында "Қыран" басқа жолды қарастыра жатар. Жаңа стадион, жаңа қала, демек "Қыран" премьер-лигаға шығу қажет пе? Дәл қазір сол төреші "Алтайдың" бір ойыншысын алаңнан қуып жіберді. Міне, қызық! Былыққа батқан қайран қазақ футболы-ай! Енді бірінші лиганың өзі осындай масқараға батты!

Ермұхамед Мәулен

    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу