Бірінші рет жартылай финалда

1800

Қазақ теннисінің тарихында ерлер командасы жұптасып бәсекелесу арқылы "Үлкен дулыға" санатының жартылай фыиналына шықпаған еді. 

Бірінші рет жартылай финалда

Александр Бублик/Михаил Кукушкин жұбы бүгін ширек финалда аустралиялық жұппен кездесті. Джеймс Дакворт пен Марк Полманс жұбы жергілікті жанкүйерлердің қолдауына ие болса да, қазақстандық жігіттерге шамасы жетпеді. Алғашқы сетте Миша мен Саша бірлесіп жүріп тай-брэйкте жеңіске жетті. Есеп 7:6. Ал екінші сетте тартыс аса қатты қызу болды. Дегенімен дер кезінде брэйк жасаған отандастарымыз бұл сетте де жеңіске жетті. Есеп 7-5. Сонымен 2:0 нәтижесімен жеңіске жеткен Бублик/Кукушкин жұбы енді жартылай финалда өнер көрсетеді. Қазақ теннисінің тарихында мұндай жетістік әзірге болмаған еді. 

Айта кетуіміз керек, Михаил Кукушкин жекелей сынның алғашқы айналымында дәл осы Марк Полмансқа 3:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Енді міне, Кукушкин есесін қайтарып отыр. Қазақстандық теннисшілердің жартылай финалдағы қарсыластары ертең анықталады. Ал жартылай финалға жолдама алғанның өзіне Бублик/Кукушкин жұбы "Аустралиан Оупен" ұйымдастырушыларының тарапынан 200 мың доллар көлемінде сыйақы алады. Ал егер жігіттеріміз жарап, финалға шықса онда бұл сома екі есеге көбейе түседі. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу