Бірқатар тұрғындармен кездесті

1030

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Илиясова Әсем Нұрмұхамбетқызы мен Жакупова Альфия Бауыржанқызы Сарыөзек ауылының бірқатар тұрғындарының үйіне барып, "Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. 

Бірқатар тұрғындармен кездесті

 

 

Атап айтар болсақ, 1942 жылы туылған, Алтын алқа иегері, теміржол зейнеткері Тастанбекова Шайбала Мәкежанқызы, 1936 жылы туылған, тыл қызметкері Улубаев Хамит Атыбайұлы, ауған соғысының ардагері, "Қызыл жұлдыз" орденінің иегері Тоқбосынов Ермек Орынбекұлы және құрылысшы, көпбалалы ана Жәмилә Құнанбаева.

Әсем Нұрмұхамбетқызы халықты әлеуметтік қолдау бойынша пандемияның орын алуына байланысты мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлерге 42,500 теңге берілгенін, халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан 3028 адамның 28 млн 503 мың теңге азық-түлік және тұрмыстық жиынтығына төлем алғанын, 392 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілгенін, 1-6 жас апралығындағы 375 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілгенін, 2360 адамның коммуналдық шығындарының өтелгенін, "Біз біргеміз" акциясы аясында "Nur Otan" партиясының мүшелері мен еріктілер 702 отбасына азық-түлік себеттерін жеткізгенін, 935 адамға 50 мың теңгеден көмек берілгенін айтып, аталмыш партияның қашанда халыққа қолұшын созатын, ел қамын ойлайтын партия екенін және

Кербұлақ ауданы тұрғындарының жиырма жылда жеткен жетістіктерін айтты. 

Альфия Бауыржанқызы "Nur Otan" партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алуға мүмкіндіктер жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайтынын, ауданымызда тұрғын үй кезегінде 917 отбасы, оның ішінде 3012 адамның барын айта келе, Сарыөзек ауылында екі көпқабатты 100 пәтер, және жүз тұрғын үйдің құрылысын салу бойынша төрт жобаның іске асырылатынын, оның ішінде 2021 жылы Сарыөзек ауылындағы 40 пәтерлік бес қабатты тұрғын үйдің және 50 тұрғын үйдің құрылысы, 2022 жылы Сарыөзек аулында 50 тұрғын үйдің құрылысы, 2023 жылы Сарыөзек ауылындағы 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы салынып, 2025 жылға дейін 200 отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берілетінін айтып, сайлауалды бағдарламаны егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан "Газ қашан қосылады?", "Аудандағы кандидаттардың құрамында кімдер бар?", "Сайлауға қанша партия қатысатын болады?" деген сұрақтар қойылып, кандидаттар тұшымды жауаптарын берді.

"Nur Otan" партиясы Алматы облысы Кербұлақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу