Бірқатар жармалықтар Республика күні қарсаңында баспаналы болды

510

​Республика мерекесіне орай, Жарма ауданында жаңадан салынған тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 

Бірқатар жармалықтар Республика күні қарсаңында баспаналы болды

Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы Искаков көшесінде жаңадан салынған 20 пәтердің кілттері халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және жалғыз баспанасы апатты деп танылған отбасыларына берілді. 

Жаңа үйлерде тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Құрылысты жүргізіп, қолданысқа берген мердігер ұйым – "Жарма Құрылыс-Газ" ЖШС.  

Салтанатты шараға аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров қатысып, жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, құрылыс қарқыны өсіп келе жатқаны туралы атап өтті. 

"Тұрғындардың баспана мәселесін шешу мақсатында мемлекет деңгейінде кешенді шаралар жүзеге асырылуда. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында бүгін екі пәтерлі 10 үй қолданысқа берілсе, тағы 30 пәтерлі 3 қабатты үй және екі пәтерлі 5 тұрғын үй салынуда. Келесі жылға тұрғын үйлердін құрылысына жоба жасалуда. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жаңа пәтерлерге ие болып, қолайлы баспанамен қамтылғандар саны артып келеді. Мерекемен тұспа-тұс келген қоныс тойларыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін", – деді аудан басшысы. 

Пәтер иелері атынан ауыл тұрғыны Т.Аубакиров алғысын білдірсе, құрылыс мекемесінің басшысы Д.Исабаева да өз құттықтау лебізін жеткізді.   

Ауылдың қадірменді ақсақалы, еңбек ардагері З.Таңатаров ақ батасын беріп, мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, жиналғандарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу