Бірқатар жас футболшылар Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

366

Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев алдағы ойындарда жастарға сенім артады.

Бірқатар жас футболшылар Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің қыркүйектегі матчтарына дайындықты бастады.

Команда әзірге толық құрамда емес, бірақ Астанада жиналды. Ұлттық құраманың сапына алғаш рет "Ордабасы" жартылай қорғаушысы Муроджон Халматов шақырылды.

4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Астанада Уэльс командасымен ойнайды, содан кейін 7-нен 8 қыркүйекке қараған түні Бельгия құрамасына қарсы сырт алаңда матч өткізеді.

Әзірге Қазақстанның қоржынында үш матчтан кейін үш ұпай бар. Әли Әлиевтің командасы жалғыз жеңісін сырт алаңда Лихтенштейн құрамасына қарсы (2:0) матчта тіркеген.

Сондай-ақ "Қайрат" сапынан Дамир Қасабулат та алғаш рет шақырту алды. Бұдан бөлек Дастан Сәтпаев, Темірлан Анарбеков, Еркін Тапалов құрама сапында өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу