Бірлік бар жерде тірлік бар

1452

2021 жылдың 10-қаңтарында мәжіліс депутаттарына және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні мәлім.  

Бірлік бар жерде тірлік бар

Осыған орай, 2020 жылдың желтоқсан айының 11-жұлдызынан бастап әр үміткер бекітілген желілік кестесіне сәйкес "Nur Otan" партиясының үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Бүгін "Қазпошта" акционерлік қоғамы Алматы облыстық филиалы Кербұлақ аудандық пошта байланыс торабының бастығы, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Зәуре Ахметбекова "Есіктен есікке" жобасы бойынша Сарыөзек ауылының бірқатар тұрғындарының үйіне барып, "Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.


Зейнеткер, көпбалалы аналар Меруерт Кәрібаева, Гүлшара Керімқұлова және зейнеткер Нина Малковамен жүздесті. Қазақстанның басты жеті жетістігін, ауданымызда осы жылдар аралығында атқарылған шаруаларды атап, аталмыш партияның көмекті қажет ететін азаматтар келгенде, әрқашан да қолұшын беретінін, көпбалалы аналарға, жастарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек, "Біз біргеміз!" акциясы аясында ауқымды шаралардың атқарылғанын, көптеген азаматтарға қаржылық және материалдық көмек берілгенін тілге тиек етті. 
Сондай-ақ, Сарыөзек ауылының тұрғындары Ержан Жетібаев пен Еркін Қаратаевтарға "Nur Otan" партиясының жеткен жетістіктерін атап беріп, қашанда бұл партия халықпен бірге екенін, әрдайым қиналғандарға қолұшын созатынын айтып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Үгіт-насихат парағын ұсынып, 10-қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп, аталмыш партияға дауыс беруге шақырды.
Бұдан соң "Қазпошта" акционерлік қоғамы Алматы облыстық филиалы Кербұлақ аудандық пошта байланыс торабының тұтынушыларымен жүздесіп, олардың хал-ахуалын, пошта қызметкерлерінің қызмет көрсетуін қаншалықты бағалайтындарын сұрады. Күннен күнге еліміздің жағдайының жақсарып, экономикамыздың өсіп келе жатқанын, зейнетақы мен жәрдемақыны уақытылы алып отырғандары үшін ризашылықтарын білдірген тұрғындарға  "Nur Otan" партиясының халықпен бірге жасайтынын, ел игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан партиялардың бірегейі екенін тілге тиек етіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Олар да әрбір адамның сайлауда дауыс беруінің маңызды екенін айтып, "Бірлік бар жерде тірлік бар" дегендей, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратындарын айтып, осы партияға біркісідей жұмыла дауыс беретіндеріне сенім білдірді.

"Nur Otan" партиясы Алматы облысы Кербұлақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу