Бірыңғай жиынтық төлемнен 22,2 млн теңге түсті

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
10766

Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 1 жылда 11,5% -ға ұлғайды.  

Бірыңғай жиынтық төлемнен 22,2 млн теңге түсті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгеге жетті. Сәуір айының алғашқы күніндегі жағдай бойынша қор қаржысы 262,3 млрд теңгеге көбейді.

Міндетті зейнетақы жарнасының (МЗЖ) жиынтығы жалпы соманың 97,8%-ын құрап, 9,43 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы (МКЗЖ) бүкіл жинақтың 2,2%-ын бағындырып, 209,5 млрд теңгеден асты. Ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) қор қаржысының 0,02%-ын еңсеріп, 1,9 млрд теңге болды. Ал шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асты.

БЖЗҚ баспасөз қызметінің ақпаратынша, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 1 жылда 11,5% -ға ұлғайды.  

"2019 жылдың алғашқы 3 айында зейнетақы төлемдері 54,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 31,6 млрд, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 7,4 млрд теңге болды. Жыл басынан бері қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 96,9 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда таза инвестициялық табыстан 30 млрд теңгеге артық", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 6,2 млн-нан астам қызмет көрсетілген.  Бір ерекшелігі, 5,3 млн қызмет электронды түрде атқарылған.

"БЖЗҚ былтыр соңғы бірнеше жылда зейнетақы жарналары түспей жатқан "ұйқыдағы" шоттарды жандандыру жұмысын қолға алды. Сол жұмыс биыл жалғасын тауып, жыл басынан бері 101,3 мыңнан астам шот иесімен байланыс орнатылды. Нәтижесінде 5 704 адам жалпы сомасы 72 млн теңгеге жуық зейнетақы жарнасын аударды. Жыл басынан бері 41 394 жеке зейнетақы шотына бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) ретінде 22,2 млн теңге түсті", – деп мәлімдеді БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу