Кәсіпкерлердің нақты мәмілелерге қатысуына кедергі жасалуда

Биржаларды шағын және миркокәсіпкерлік субъектілері санатынан шығару ұсынылды.

Кәсіпкерлердің нақты мәмілелерге қатысуына кедергі жасалуда Фото: canva.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлем етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биржаларды шағын және миркокәсіпкерлік субъектілері санатынан шығаруды ұсынамыз. Бүгін нарықта 10 биржа бар. Оның ішінде 9 биржа – микробизнес субъектілері, 1 биржа – шағын бизнес субъектісі. Алайда, биржалық мәмілелердің жылдық айналымы триллион теңгеден асады. Атап айтқанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша биржалық мәмілелер көлемі 2,5 трлн теңгеден астамды құрады, осы жылдың 10 айына – 1,6 трлн теңгені құрайды", – деді министр. 

Сонымен қатар тауар биржаларының қаржылық тұрақтылығын арттыру ұсынылды. Жарғылық капиталдың мөлшері 600 мың АЕК (қазір ЖК 300 мың АЕК) құрайды, бұл шамамен 2 млрд теңге. Кепілдік қоры – 100 мың АЕК.

"Бүгінгі таңда бизнестің тауар биржаларына шығу проблемалары бар. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің нақты мәмілелерге қатысуына кедергілер жасалуда. Кіру және қатысу жарналары 250 мыңнан 95 млн теңгеге дейін соманы құрайды. Әрине, бұл көптеген кәсіпкерлер үшін ауыр шығындар. Сондықтан, біз сауда-саттыққа қатысу үшін жарналар мен төлемдердің бірыңғай максималды мөлшерін белгілеуді ұсынамыз. Бұл мәселені саралап (дифференциалды) қараймыз", – деді ведомство басшысы.

Сауда-саттықтың басты қатысушыларын – бұл брокерлер мен клиринг орталықтарын, қаржы мониторингі субъектілері санатына қосу ұсынылады. Министрлік биржалық тауарлардың тізімін қалыптастырады. Солардың ішінен әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарларды бөліп көрсетуді ұсынамыз. Оған көмір, бидай, мұнай өнімдері және бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары кіретін болады.

"Аталған тауарлардың энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ескере отырып, олардың саудасы арнайы Тізбеге енгізілген тауар биржаларында ғана жүзеге асырылатын болады. Тауар биржаларының тізбесі конкурстық негізде Үкіметтің шешімімен айқындалады. Бұл осындай тауарларға ашық баға белгілеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел ішінде де, сыртқы экономикалық қызметте де (экспорт/импорт) тауар ағындарын қадағалауға мүмкіндік береді", – деген министр сауда алаңдарын ынталандыру шараларына тоқталды. 

Биржаға шығуды ынталандыру ретінде:

- ӘМАТ-тың отандық тауар өндірушілері үшін – ҚҚС төлеу кезінде есептеу әдісін қолдану;

- ұлттық экспорттаушылар үшін – ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, мысалы, 5 күнге дейін (қазір 15 күн);

- сондай-ақ, ҚТЖ-мен бірлесіп биржалық мәміле жасалған жағдайда логистикаға арналған т/ж тарифтерін қайта қарау ұсынылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу