Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев тағы да рингте жолығады. Үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын трилогияның соңғы бөлімі биыл қазанда өтеді деп күтілуде. Бұл туралы инсайдер Дэн Рафаэль мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Бивол WBC тұжырымы бойынша міндетті қарсылас – Давид Бенавидеспен жұдырықтасудан бас тартқан соң, чемпиондық атағынан айырылып, Бенавидес жаңа чемпион атанған еді.
Бірінші жекпе-жекте Бетербиев төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен. Ал, биыл ақпанда өткен қарымта айқаста Бивол дәл сондай жеңіспен жауап беріп, жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион атанды. Екі жекпе-жек те Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу