Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынан хабарланды, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Сараланған гранттар дегеніміз – оқу ақысының 50%-ы төленетін гранттар:
- "Педагогикалық ғылымдар" – 150 грант;
- "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" – 150 грант.
Бұл грант конкурстық негізде беріледі. Яғни, 13-20 шілде аралығында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында) грант конкурсына қатысу қажет.
Ешқандай қосымша құжат қажет емес.
Толық грант ұтып алмаған кезекте келесі болып тұрған талапкерлер сараланған грантты иелене алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу