Биыл "Алматы туры" велододасы өтпейтін болды

1244

"Алматы Туры" 2013 жылдан бері жыл сайын Алматыда ұйымдастырылатын велокөпкүндік. Аталған веложарыста әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты деген командалар бақ сынайтын. 

Биыл "Алматы туры" велододасы өтпейтін болды

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов оңтүстік астанада қайта жөндеуден өткен велотректің ресми ашылуында нысанның келешегі туралы және неліктен биыл "Алматы турының" ұйымдастырылмайтынын айтты.

Алматыдағы қайта жөндеуден өткен велотректе жылына қанша бала жаттыға алады?

– Жылына он мыңнан астам бала. Барлығы тегін. Сонымен қатар бізде жыл бойы фитнес жаттығулары өтетін бөлімшелер бар. Спортшыларымыз дене шынықтыру жаттығуларын өткізе алады. Яғни толық функционалды дайындық болады. Алматы жақсы климаттық аймақта орналасқан. Сондықтан жылына алты айдан астам уақыт бойы мұнда 5 жастан 20-25 жас аралығындағы кәсіпқой шабандоздар сынға түсе алады. Ашылу салтанатында велоспорт секцияларының бірнеше балалар спорт мектебі болды. Біз кішкентай балаларды ата-аналарымен бірге велосипедте, сонымен қатар Алматы велокомандасын, скейтбордшыларды көрдік. Бұл велотректі үш федерация да пайдалана алады.

– Бұл жерде республикалық жарыстар өте ме?

– Иә. Ұзақ уақыт бойы бұл жарыстар ұйымдастырылмады. Қазір біз оларды Нұр-Сұлтанда өткізіп жатырмыз. Бірақ Алматыда да өткізу жоспарда бар.

– Ұлттық құраманың жаттығу базасы Алматы велотрегінде бола ма?

– Иә. Ұлттық құрама біздің үш құрлықтық құрама командаларымыздың жиынтығы. Мұнда ұлттық құрама шабандоздарының басым бөлігін көруге болады. Жарыстар алдында Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізген кезде, командаға лайықты үміткерлерді таңау үшін осында іріктеу жұмыстарын жүргізе аламыз.

– Биыл Алматы туры өтпей ме?

– Иә, өтпейтін болды. Мәселе оның қаншалықты пайдалы екендігінде. Енді біз бұқаралық, балалар спорты мен әуесқойларға арналған жарысты дамытуға баса назар аударғымыз келеді. Материалдық-техникалық базамызды нығайтамыз. "Алматы турын" өткізудің қажеті бар ма, жоқ па оны тағы да қарастырамыз. Қала әкімімен осы мәселені талқыладық.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу