Биыл ел бюджетіне қанша триллион теңгенің салығы түсті?

2306

Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі ерекшеліктер мен назар аударарлық тұстарды бір сөзбен сипаттап беру мүмкін емес.

Биыл ел бюджетіне қанша триллион теңгенің салығы түсті? Фото: canva.com

 Алайда, бизнес жүргізу мен салық төлеу жүйесінің қарапайымдылығы – еліміздегі Салық заңнамасының үнемі жетілдіріліп отыратындығын көрсетеді. 

Жыл басынан бері еліміздің қай өңірі республикалық бюджетке қанша салық төлегеніне көз жүгіртейік.

2024 жылдың басынан бастап салық органдары 8,9 триллион теңге жинаса, оның 5,2 триллион теңгесі республикалық бюджетке, ал 3,7 триллион теңгесі жергілікті бюджетке құйылды.

Олар:

- Табыс салығы – 3 606,1 миллиард теңге;

- Тауарлар мен атқарылған жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар – 3 223,4 миллиард теңге;

- Әлеуметтік салық – 762,6 миллиард теңге;

- Меншік салығы – 357,5 миллиард теңге;

- Халықаралық сауда және сыртқы операцияларға салынатын салықтар – 22,9 миллиард теңге;

- Заңды маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны және оған уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер – 1,6 миллиард теңге;

- Басқа да салықтар – 0,6 миллиард теңге.

Ал, ең негізгі салық жиналатын нысандардан түскен қаражат:

- Мұнай саласы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің заңды тұлғаларынан алынатын корпоративті табыс салығы (КТС) – 1 502,1 миллиард теңге;

- Ірі кәсіпкерлік субъектілер мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративті табыс салығы (КТС) – 888,6 миллиард теңге;

- Төлем көзінен салық салынатын табыстардан алынатын жеке табыс салығы (ЖТС) – 961,5 миллиард теңге;

- Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы (ЖТС) – 244,9 миллиард теңге;

- Төлем көзінен салық салынбайтын шетел азаматтарының табыстарынан алынатын жеке табыс салығы (ЖТС) – 8,9 миллиард теңге.

Жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық түсімдер бойынша өңірлер рейтингі:

- Алматы – 935,0 миллиард теңге;

- Астана – 525,1 миллиард теңге;

- Атырау – 373,2 миллиард теңге;

- Алматы – 234,0 миллиард теңге;

- Павлодар – 179,0 миллиард теңге;

- Қарағанды – 176,0 миллиард теңге;

- Шымкент – 171,0 миллиард теңге;

- Маңғыстау – 148,1 миллиард теңге;

- Ақтөбе – 127,3 миллиард теңге;

- Қостанай – 106,9 миллиард теңге;

- ШҚО – 103,8 миллиард теңге;

- БҚО – 102,2 миллиард теңге;

- Ақмола – 95,5 миллиард теңге;

- Түркістан – 91,8 миллиард теңге;

- Жамбыл – 76,4 миллиард теңге;

- Абай – 59,6 миллиард теңге;

- СҚО – 57,9 миллиард теңге;

- Қызылорда – 55,4 миллиард теңге;

- Ұлытау – 52,8 миллиард теңге;

- Жетісу – 43,1 миллиард теңге.

"Республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес, биыл үш өңірден 469,5 миллиард теңге алу жоспарланған болатын, оның ішінде:

- Алматы қаласы – 226,1 миллиард теңге (СҚО, Қызылорда, Ұлытау және Жетісу облысының жарты жылдық салығынан көп жиналған);

- Атырау – 168,7 миллиард теңге (Түркістан және Жамбыл облыстарымен бірдей);

- Астана – 74,7 миллиард теңге (Жамбыл облысымен тең) жинады.

Атырау облысының жергілікті бюджетінен ең көп алынатыны – жиналған қаражаттың 45,2%-ы. Екінші орында Алматы қаласы – 24,1%, ал, донорлардың үштігін Астана қаласынан жиналған ақшаның 14,2%-ы алынатын болады.

Ел бюджетінің толығуына мұнай компаниялары да өз үлесін қосып отыр. Қомақты салық төлеушілердің алғашқы үштігін "Теңізшевройл", "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." және "Маңғыстаумұнайгаз" компаниялары бастап тұр.

  1. "Теңізшевройл" ЖШС – 1 533 602 208 теңге.
  2. "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." – 537 456 597 теңге.
  3. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ – 108 122 156 теңге.
  4. "Норт Каспиан Оперейтинг Н.В. компаниясының" филиалы – 98 539 823 теңге.
  5. "Азия газ құбыры" ЖШС – 84 581 781 теңге.
  6. "Өзенмұнайгаз" АҚ – 81 903 511 теңге.
  7. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС – 77 601 320 теңге.
  8. "Kaz Minerals Aktogay" ЖШС (ҚАЗ Минералз Ақтоғай) – 73 034 951 теңге.
  9. "Қаражанбасмұнай" АҚ – 65 924 964 теңге.
  10. "Ембімұнайгаз" АҚ – 64 769 411 теңге.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу