Биыл қанша шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
27714

2020 жылға дейін құрылыс компанияларының152 млрд теңге несиесі субсидияланады.

Биыл қанша шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша былтыр рекордттық көрсеткіш орнатылып, 12 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

2016 жылы қалың көпшілікке "Нұрлы жер"  тұрғын үй құрылысы бағдарламасы деп таныстырылған жоба 2018 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы болып қайта бекітілді. Толықтырулар мен өзгерістер енгізілген мемлекеттік бағдарламаға ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру, тұрғын үй салуды жекеменшік салушылардың қолға алуын ынталандыру, ел азаматтарына тұрғын үй құрылыс жинағы арқылы баспаналы болу мүмкіндігін беру, халықты жалдамалы баспанамен қамтамасыз ету және үлестік тұрғын үй құрылысына қолдау көрсету міндеті жүктелді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бағдарлама аясында Астана, Алматы қалалары көш бастады. Осы уақытқа дейін Астанада 4,7 млн шаршы3, Алматыда 2,6 млн шаршы3  үй салынды.

Маңғыстау облысында 1,8 млн м3, Ақтөбе облысында 1,5 млн м3, Атырау облысында 1,3 млн м3, Алматы облысында 1,3 млн м3 , Қызылорда яблысында  1,2 млн м3 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Былтыр Астанада 22 565, Алматыда 15 020, Маңғыстау облысында 8 367, Ақтөбе облысында 5 941, Алматы облысында 4 824 пәтердің есігі айқара ашылды.  

Ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Даму" АҚ арқылы банк несиесін субсидиялау жобасы жүзеге асырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, мемлекеттік бағдарламаға қатысушы банктерге 84 жеке құрылыс компаниясынан жалпы құны 72,6 млрд теңгені құрайтын несиені субсидиялау туралы  ұсыныс келіп түскен. Нәтижесінде 51 құрылыс компаниясымен келісім жасалып, "Даму" АҚ арқылы 45,2 млрд теңге несиесі субсидиялаған.   

2020 жылға дейін құрылыс компанияларының 152 млрд теңге несиесі субсидияланады. Бұл ақшаға 600 мың шаршы м3 коммерциялық тұрғын үй салынады.

2018 жылдың қорытындысында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы ел азаматтарына 3 мың жалдамалы пәтер үлестірілгені жарияланды. Сонымен қатар бірыңғай үлгіде 160 жеке үй салынғаны белгілі болды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратынша, қазір 179 жеке үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал 2019 жылы 13 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделіп отыр.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу