Биыл Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсіп, инфляция төмендеді

188

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға төмен. 

Биыл Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсіп, инфляция төмендеді Фото: Ұлттық банк

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресінде Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сүлейменовтің айтуынша, былтыр ел экономикасы 5,1 пайызға өсіп, рекордттық көрсеткішке жеткен. 

"Биыл Қазақстан экономикасы төрт пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар инфляция төмендегенін көріп отырмыз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға төмен. Десекте, біз таргеттен 70 пайыз алыспыз. Сондықтан монетарлық саясат қатаң талапты қажет етеді", – деді ол.

Сондай-ақ, биыл елімізде жұмыссыздық деңгейі төмендегені байқалады.

"Елдегі жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Яғни, 4,6 пайыз. Жалақы да өсіп жатыр. Орташа еңбекақы 11,3 пайызға көтерілді", – деді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу