Биыл Қазақстанда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны 300 мыңға өсті

216

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандық спортты қолдау мен спортшыларға жағдай жасауды тұрақты назарда ұстап келеді.  

Биыл Қазақстанда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны 300 мыңға өсті Фото: gov.kz

Өткен жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл – жалпы халықтың 41,4%-ы. Оның ішінде:

  • 6 021 117 адам (72%) – ерлер;
  • 2 385 096 адам (28%) – әйелдер;
  • 3 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданады.

Министрліктің негізгі мақсаты – 2029 жылға қарай спортпен шұғылданушылар үлесін 50%-ға жеткізу.

Балалар спорты – басты басымдықтардың бірі. Биыл мемлекеттік спорт тапсырысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлініп, 7 мыңнан астам спорт секциясы ашылды. Соның нәтижесінде 240 мыңнан астам бала тегін спорттық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, республика бойынша 912 жасөспірімдер клубы жұмыс істеп, 298 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді спортпен қамтып отыр.

Бұл бағдарламаларға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың міндеті – спортты дамытуға арналған қаржыландыруды барынша қамтамасыз ету.

Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту – халықтың денсаулығын нығайтудың, салауатты өмір салтын қалыптастырудың және жас ұрпақты тәрбиелеудің басты тетігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу