Биыл Рыбакина ақыл-ойға сыймайтын рекордтар жасауда

839

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Биыл Рыбакина ақыл-ойға сыймайтын рекордтар жасауда

Бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен еді. Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.

Екінші сетте Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. 

Рыбакина финалда бас жүлде үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен кездеседі.

Сонымен қатар Елена Рыбакина биыл ақыл-ойға симайтын рекордтарды бұзып жатыр. Ол жыл басынан бері өз ойындарында 7 тай-брейк өткізді. Соның бәрінде Рыбакина жеңіске жетті. Мұндай нәтижеге WTA ойыншыларынан биыл ешкім жете алған жоқ. Сонымен қатар Елена америкалық атақты теннисші Серена Уильямстен кейін (2016) бір жарыс барысында бес матчта қатарынан 10 және одан көп эйс жасаған бірінші теннисші атанды. Қазақстанның бірінші ракеткасы эйс жасау жөнінен WTA турда көш бастады. Биылғы маусымда Елена 26 матчта 212 эйске қол жеткізді. Елена Рыбакина табыс табу жөнінен көш бастады Майами турнирінің финалына шыққаннан кейін қазақстандық теннисші әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы басып озды.

Елена Рыбакина - $3 178 819

Арина Соболенко -$3 118 046

Джессика Пегула - $1 979 888

Айта кетейік, егер Елена Майамидегі турнирде жеңіске жетсе, қомақты жүлдемен қатар 1000 рейтингтік ұпай жинап, әлемнің 6-ракеткасы атанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу