Биыл ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы аталып өтеді

886

Осы жылы республикада бірқатар айтулы шаралар болады.  

Биыл ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы аталып өтеді Фото: Ақорда

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын лайықты атап өтеміз. Ата Заңымыздың және Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде өткіземіз. Сондай-ақ, ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек",  деді Мемлекет басшысы.

Абай Құнанбайұлы – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ойлары, өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. "Қара сөздерінде" қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі: тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі.

Елімізде облыс, аудан, даңғыл, көше, мектеп, университет, театр, мәдени орындардың атауларына ұлы ақынның есімі берілген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу