Биылдан бастап уран транскаспий жолы арқылы жеткізіледі

1184

Транскаспий жолы 2018 жылдан бастап іске қосылған.

Биылдан бастап уран транскаспий жолы арқылы жеткізіледі Фото: kazatomprom

Ресей арқылы жеткізілімде ешқандай кедергілер болмағанымен, уранды транскаспий жолы арқылы жеткізу қолға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның басым салаларына инвестициялау" панельдік сессиясында еліміздің негізгі инвестициялық әлеуеті жер қойнауындағы байлықтарға тікелей байланысты екені айтылды, соның ішінде уран өндірісі - бірегей пайда көзі. 

"Уран - біздің негізгі пайда көзіміз, сондықтан оның өндірісіне басымдық береміз. Өндіріс мүмкіндіктерін кеңейту жолдарын үнемі қарастырамыз. Өздеріңіз білетіндей, байырдан Ресей Федерациясы арқылы өтетін көлік жолдары сәтті жұмыс істеп келеді. 

Халықаралық жағдайларға қарамастан, бізде осы жол арқылы транзиттік мәселелер туындаған жоқ, алайда тәуекелдің алдын-алу үшін біз 2018 жылдан бастап іске қосылған транскаспий жолы арқылы биыл өз өнімдерімізді тасымалдадық. Сол арқылы біздің клиенттеріміз уран кез келген жағдайда жеткізілетініне сенімді бола алады", - деп мәлімдеді Ержан Мұқанов.

Мұнай саласында да балама жолдарды іздеу жұмыстары басталып кеткен, мысалы негізгі Каспий Құбыр Консорциумынан басқа тағы үш жеткізу құбырлары ашылды.

"Бүгінде біздің барлық кен орындарымыз тоқтаусыз жұмыс істейді. Біз КҚК экспорттың басты бағыты болып қала беретінін білеміз және біздің компания басқа акционерлермен бірге құбырдың үзіліссіз жұмыс істеуін бақылап отыр. Оған қоса, балама маршруттардың тағы үш жолы барын айтқымыз келеді. 2022 жылы біздің компания жылына 1,5 млн тоннаға Ақтау – Баку - Джейхан мұнай транзиті туралы келісімге қол қойды. Екінші жол: Атырау-Самара-Дружба, әрі қарай Германияға жеткізіледі. 20 мың тоннаның бірінші партиясы ақпан айында, екіншісі наурыз айында жеткізілді. Үшінші бағыт: Атасу-Алашанькоу. Қазір онда белгілі бір шектеулер бар, бірақ құбырды кеңейту жоспарлануда. Біз жағдайды жақсартып, мұнайдың көлемін арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп түсіндірді "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу