Биылғы еурокубок ерекше болады

1740

Қазақстан намысын қорғайтын 4 клубтың қайсысы топтық кезеңге өтеді деген сауал көкейімізде тұр. Жанкүйерді алаңдатқан сауал да осы. 

Биылғы еурокубок ерекше болады

2020/21 маусымының іріктеу турнирі қалай өтетіні жайлы ақпарат шықты. УЕФА өзінің ресми сайтында жаңа қабылданған шешімді жария етті. Енді биылдан бастап Еуропа лигасының іріктеу жарысында клубтар екі матчтан ойнамайды. Себебі, уақыт тапшы. Бір ғана матч, соның қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтеді. Ал ойын қай команданың алаңында өтетіні жеребе арқылы белгілі болады.

Биыл Еуропа лигасына Қазақстан атынан үш клуб қатысқалы отыр. Олар: "Қайрат", "Ордабасы", "Қайсар".

Өтпелі раунд: 20 тамыз

1 іріктеу раунды: 27 тамыз

2 іріктеу раунд: 17 қыркүйек

3 іріктеу раунд: 24 қыркүйек

4 іріктеу раунд: 1 қазан

Групповой турнир: 22 қазан, 29 қазан, 5 қараша, 26 қараша, 3 желтоқсан, 10 желтоқсан.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі 1 және 2 қазан күндері Афины қаласында өтеді.

Сондай-ақ, УЕФА 2020/2021 жылғы Чемпиондар Лигасы маусымының іріктеу кезеңдері басталатын уақытты анықтады.

Плей-офф кезеңіне дейінгі кездесулердің барлығы бір ойыннан өтеді.

"Астана" Чемпиондар Лигасындағы жолын 2020 жылдың 18/19 тамыз күндері алғашқы іріктеу кезеңінен бастайды.

Екінші іріктеу кезеңі 25-26 тамыз күндеріне жоспарланған. Үшінші кезең 15/16 қыркүйек. Плей-офф кезеңі: 22/24 және 29:30 қыркүйек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу