Биылғы жылды жеңіліспен аяқтадық

1275

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы финалдық ойынын өткізді.

Биылғы жылды жеңіліспен аяқтадық Фото: kff.kz

Бүгін Ұлттық құрама БАӘ құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Абу-Дабиде өткен матч алаң иелерінің пайдасына, 2:1 есебімен аяқталды. Біріккен Араб Әмірліктері құрамасы 13-минутта Фабио Лиманың голының арқасында есеп ашты. Осыдан соң ұзақ уақыт бойы таблодағы көрсеткіш өзгере қоймады. 62-минутта Абат Айымбетов жауапты гол соқты. Астаналық шабуылшыға оның әріптесі Тимур Досмағамбетов көмектесті. Алайда, 71-минутта Лима дубль жасап, қорытынды есепті орнатты.

Ал 79-минутта Александр Марочкин алаңнан қуылып, жанкүйерлердің көңіліне қаяу түсірді десек те болады. Оған қоса 2:1 есебін сақтап қала алмаймыз ба деген де қорқыныш болды. Дегенмен, ұлттық құрама ойыншылары есепті теңестіру үшін  барын салды. Бірақ гол соға алмады.

Осылайша Магомед Адиев шәкірттері қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты. Бұған дейін құрамамыз Ұлттар лигасының соңғы турында Бакуде Әзірбайжаннан 0:3 есебімен, кейін тағы бір жолдастық ойында Ташкентте Өзбекстаннан 0:2 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, биыл ұлттық құрама Ұлттар лигасының В дивизионына көтерілді. Ал 2023 жылы Қазақстан құрамасын Еуро-2024 іріктеу турнирі күтіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу